Медиа

ЩУЧИНСКІДЕГІ КЕЗДЕСУЛЕР

Қазақ технология және бизнес университетінің мобильді тобы Ақмола облысы бойынша кәсіптік бағдар бағытындағы сапарын жалғастырды. 2023 жылдың 28-29 қарашасы аралығында Щучинск қаласы мен оған жақын орналасқан ауылдық округтердегі мектептер қамтылды. Жұмыс сапарында мектеп және колледж бітірушілермен әңгімелесумен қатар презентациялар мен бейнероликтер арқылы университеттің мамандықтары таныстыстырылды.