Home / Жаңалықтар / Әсетұлы Шерхан

Медиа

Әсетұлы Шерхан

Құттықтаймыз! «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Әсетұлы Шерхан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсында 2-орынға ие болды. Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Әнұранының әуенін Arduino-да модельдеу». Ғылыми жобаның жетекшісі: ф.-м.ғ.к., қауымдастырылған профессор, МАИН академигі Рыстыгулова Венера Ботабаевна. Қазақстан Республикасы Әнұранының әуені Ардуино платформасында алғаш рет ойнатылды. Бағдарламалық кодқа Қазпатенттен авторлық куәлік алынды. Ардуиноны ұлттық әнұранды ойнату үшін пайдалану музыкалық технологияның жаңа перспективаларын ашады және мәдени мұраны сақтау мен ілгерілетудегі инновацияның маңыздылығын көрсетеді.