Медиа

СЕНІМ АТМОСФЕРАСЫ

2023 жылдың 27 қаңтарында Астана қаласы №18 жалпы орта білім беру мектебі базасында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Бұл іс-шараны ұйымдастырушы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Батима Жамшитқызы Жумамухамбетова. Ол 9-11 сынып түлектерімен кездесуге университеттің мобильді тобының өкілдерін шақырды. Диалог барысында университет туралы бейнероликтер мен презентация көрсетілді. Ата-аналар ең алдымен қабылдау ережелеріне қатысты көптеген қызықты сұрақтар қойды. Түрлі сұрақтармен жүгінгендердің барлығына толыққанды жауаптар берілді, сонымен қатар университеттің ақпараттық сипаттағы буклеттер таратылды.