20 ақпан күні «Туризм және сервис» кафедрасының «6В11127 – Туризм» оқу бағдарламасының 2 курс студенттері «Саяхаттану» пәні бойынша аға оқытушы С.М.Рустемованың жетекшілігімен Астана қаласының негізгі туристік маршруттарына экскурсия жасады. Туризм мамандығының арнайы пәндерін оқытуда тәжірибе сабақтардың маңызы өте зор, сабақ барысында студенттер пән бойынша теорияда алған білімдерін көрсетіп, Астана қаласы бойынша өз маршруттарын ұсынып қорғады.