2023 жылғы 6 желтоқсанда сағат 11.00-де "Технология және стандарттау" кафедрасы "Салауатты тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Ол жерде "Технология және стандарттау" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD – А.Ж. Хастаева презентация жасады. Оның жұмысына Қазақ технология және бизнес университетінің және Астана қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері қатысты. Іс-шара отандық астық сусындарын өндіруге арналды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірінше, Қазақстанда түрлі сапалы өнім шығару үшін барлық жағдайлар мен шикізат бар. Жас ғалымдарға қолдау көрсеу керек және ғылымды өндіріске енгізу қажет.
Уақыт | Дөңгелек үстел бағдарламасы |
---|---|
11.30-11.00 | Қатысушыларды тіркеу |
11.00-11.05 | Ашылуы. «Технология және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Байтукенова С.Б. алғы сөзі |
11.05-11.15 | 2021-2023жж. аралығында ҚР АШМ БНҚ ҒТБ шеңберінде орындалған «Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарымен байытылған астық сусындарын өндіру технологиясын әзірлеу» ғылыми жобасының зерттеу нәтижелері – «Технология және стандарттау» кафедрасының қауым.профессоры, PhD – Хастаева А.Ж. |
11.15-11.25 | «Астық сусындарын өндіру үшін бастапқы шикізат ретінде дәнді дақылдарды таңдау негіздемесі» - техника және технология магистрі, Қабдолова А.М. (online) |
11.25-11.35 | «Өсімдік сусындарын өндіру технологиясын әзірлеу» - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторанты Мыржықбаева А.Д. |
11.35-11.45 | «Өсімдік сусындарын Омега-3 полиқанықпаған май қышқылдарымен байыту» - Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторанты Байхожаева Б.Ә. |
11.45-11.55 | «Тәуекелдерді бағалауды ескере отырып, астық сусындарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды анықтау. Астық сусындарын өндіруге арналған ХАССП жоспарын әзірлеу» – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің докторанты Сериков А.Ж. |
11.55-12.05 | Талқылау және пікірталас |
12.05-12.15 | Қорытындылау |
12.15-12.25 | Әзірленген астық сусындарына дегустация жасау |
12. 25-12.30 | Дөңгелек үстелге қатысқан спикерлерге сертификаттар табыстау |
12.30 | Жалпы фотоға түсу |