2023 жылғы 16 қарашада «Есеп және қаржы» кафедрасы Ұлттық валюта күніне және мемлекеттің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай іс-шара өткізді. Іс-шара бағдарламасы аясында «Қаржы» ББ студенттері арасында «Цифровой тенге в Казахстане», «Қазақстан мектептеріне қаржылық сауаттылық сабақтарын енгізу» тақырыбында «Дебат» форматында іскерлік ойын ұйымдастырылды. «Ұлттық валюта – теңге, шығу тарихы» тақырыбында викторина өткізілді.
«Қабырға газеті», «Бейне-роликтер» байқауларына қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, "Банк Центр Кредит" бөлімшесінің директоры Б.К. Қалдыбаеваға, "Банк Центр Кредит" директорының орынбасары М.Е. Жұмабековаға іс-шараға қатысқаны үшін АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
Біздің теңгеміз қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі үшін одан әрі нығая берсін! Мереке құтты болсын, қаржыгерлер!