23-24 мамыр 2024ж. Алматы қ., Алматы Технологиялық Университетінде студенттер арасындағы XVI Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. B070 – «Тоқыма: киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған бұйымдар» бағыты бойынша 6В07224 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы» білім беру бағдарламасынан жарысқа жіберген команда ІІІ жүлделі орынға ие болды. Олимпиадаға қатысқан студенттер: Шахимуратова Дайана Досболовна, Қырықбай Айдана Абатқызы, Таджиман Ақерке Бекболатқызы, жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Кожабергенова К.Д.