Құрметті әріптестер!
Қазақ технология және бизнес университеті атынан Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының күнімен құттықтаймыз!
Биыл 25 қазан Қазақстанда мемлекеттік мереке – Республика күні ретінде екінші рет тойлануда. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздігіне алғашқы қадам жасалды.
Республика күнін жаңғырту арқылы біз тәуелсіз елдің бастауында тұрған халқымызға тағзым етеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаев, бұл мереке Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігінің мәңгілік символына айналуы тиіс – деп атап өтті..
Осы мерекемен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Баршаңызға болашаққа сенім тілеймін, еңбектеріңіз елімізге тұрақтылық пен береке, бейбіт аспан мен гүлдену әкелсін!
Құрметпен
Қазақ технология және
бизнес университетінің
Президент-ректоры Астана қаласы 25 қазан 2023 жыл
ғылымдарының докторы,
профессор