Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астана қаласындағы Қазақ технология және бизнес университетінде орналасқан ҰБТ тапсыру пунктіне келіп, ҰБТ пунктінің заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты.
Университет қабырғасында тұңғыш рет өткізіліп жатқан іс-шара аясында Министр талапкерлерге ҰБТ тапсыруда сәттілік тіледі.
ҰБТ-2023 18 мамырда басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. 166 мың талапкер екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мың өтініш берген. Оның ішінде тапсырушылардың 75% – ы қазақ тілінде, 25% - ы орыс тілінде және 243 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірген.
Қазақ технология және бизнес университетінің президенті - ректоры Сейтқасым Байбеков Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жетістіктерімен таныстырды
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыру пунктінің жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет пен ҰБТ орталығы басшылықтарының ортасында
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ тапсыру кабинетінде
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университет басшылығымен кездесті
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақ технология және бизнес университетінде
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сұхбат берді