2024 жылғы 3 шілдеде «Орыс инженерлік мектебі» аймақтық қоғамдық ұйым ұйымдастырған «Ғылыми-технологиялық дамудың басым бағыттары мен ғылымды қажетсінетін технологияларға арналған болашақ кадрла» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық сессиясында «Қазақстандағы жасанды интеллектті дамыту стратегиясы» атты баяндамамен ф.-м.ғ.к., ХАА академигі, «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының профессоры Рыстыгулова Венера Ботабаевна сөз сөйледі. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақыруды жіберген Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті Білім беру мәселелері институтының жетекші ғылыми қызметкері, Дубна университетінің профессоры – Сергей Владимирович Кибальников. Конференция онлайн форматта өтті, бұл түрлі елдердің ғалымдарына өз баяндамаларын ұсынуға мүмкіндік берді. 2022 жылдан бастап шетелдік шақырылған профессор С.В.Кибальников «Ақпараттық жүйелер», «IT-менеджмент», «Жасанды интеллект» білім беру бағдарламаларының студенттеріне онлайн және офлайн дәрістер өткізуде. Сонымен қатар, 2024 жылғы 15 сәуір мен 25 сәуір аралығында Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ базасында «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында профессор С.В.Кибальников «Білім беруде жасанды интеллектті қолдану» тақырыбы бойынша Университет оқытушылары үшін біліктілікті арттыру курсын өткізді, нәтижесінде қатысушыларға блокчейн арқылы тіркелген «Орыс инженерлік мектебі» аймақтық қоғамдық ұйымның QR-кодымен Халықаралық үлгідегі сертификаттар берілді.