ҚазТБУ Президенті-ректоры С. Н. Байбековтың төрағалығымен Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Жиынды аша отырып, университет Президент-ректоры профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерге деген үлкен ризашылығы мен құрметін білдірді және оларды марапаттады. Сонымен қатар, университеттің игілігі үшін жұмыс істегенін атап өтіп, атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп ««ҚазТБУ АҚ құрметті профессоры» медалімен Е. М. Сүлеймен, Б. М. Баядилова, А. Д. Төлегулов, А. Ж. Хастаева, Ж. Б. Байжанова, К. С. Мұсафаев, К. М. Ақышев, Ж. Т. Нұртай және С. Ж. Ибраимованы және ««ҚазТБУ АҚ Алтын белгі» төс белгісімен С. З. Әбдікәрімова, Мұхамадиева А.Р. және Тұрлыбекова А. Т. марапаттады
Ғылыми кеңес мүшелері Комиссияның қабылдау бөлімінің, факультет декандарының есептерін тыңдап, университет базасында ғылыми-зерттеу институтын (ҒЗИ) құру туралы ұсынысты, Жас ғалымдар кеңесін құруды, сондай-ақ университет қызметінің бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін қарады және мақұлдады. Президент-ректор сонымен қатар университет проректорларына оқу орнын басқаруға және оның табысты дамуына қосқан маңызды үлестері үшін алғыс білдірді.