26 сәуірде кітапхананың оқу залында "Қазіргі Қазақстан экономикасы: даму мәселелері мен перспективалары" ұжымдық монографиясының 2 томының ресми тұсаукесері өтті. Ұжымдық монографияны "Экономика және басқару" кафедрасының оқытушылары э.ғ. д., профессор, ҚМДБ ҰҒА академигі Г. Н. Дугалованың редакциясымен жазды және басып шығарды.
Гүлнар Нәжмиденқызы өзінің кіріспе сөзінде ұжымдық монографияның авторлары мен тұсаукесер қонақтарын монографияның құрылымымен таныстырды, монография жазу бойынша жұмыстың қалай өткені туралы айтып берді, ғылыми монография шығарудың маңыздылығын атап өтті, ұлттық дәстүрлерге сәйкес Шашу жасап, жылы лебізін білдірді, сондай-ақ ұжымдық монографияның барлық авторларына алғысын білдірді.
Аталған іс-шараға ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Алтынбек Серік Атақонысұлы қатысып, авторларды ұжымдық монография шығарумен құттықтап, таспаны қиды.
Сонымен қатар, ол кафедра ұжымына ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс тіледі. Содан кейін әр авторға монографиялар берілді. Авторлар қатарынан: э.ғ.к., профессор Ибраимова Сәуле Жұмағалиқызы, PhD, қауымдастырылған профессор Кәрімбаева Гүлжан Жанаділқызы және э.ғ.к., магистр, аға оқытушы Жұбаев Сапарбай Досжанұлы сөз сөйледі.
Соңында Гүлнар Нәжімиденқызы "Ең белсенді зерттеуші" номинациясын жариялап, Оскар мүсінін Асаинов Архат Жоламанұлына табыс етті.