2025 жылдың 27 наурызы – 3 сәуір аралығында Алматы қаласында, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Қазақстан Республикасының шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттері арасында XVII Республикалық пәндік олимпиада өтті. Аталаған олипиадаға Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті, «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасынан «Дизайн (Сән дизайны)» және «Дизайн (Графикалық дизайн)» ББ студенттері қатысты.
«Театр және кино костюмінің дизайны» бағыты бойынша студентіміз Қойшыбек Маржан «Қазақ вальсі» композициясымен III орын алды. «Фэшн-дизайн» бағыты бойынша студент Мұхамедқали Аружан «Соғыстан босату дәуірі» бейнелі-ассоциативті композициясымен III орынға ие болды.
Студент Каргашева Наргиз белсенді қатысып, ерекше талантын көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ғылыми жетекші: магистр, сеньор-лектор Бекзат Айкүміс Бөріханқызы.
«Дизайн (Графикалық дизайн)» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға 3-курс студенті Халилинова Мерей және 4-курс студенті Мусина Диляра қатысты. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Халилинова Мерей «Болашақ мамандық» тақырыбындағы композициясымен II орынға ие болды.
Мусина Диляра олимпиадаға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор асситенті Боранкулов Еркінбек Қағазбекұлы.
Жүлделі орындарыңыз құтты болсын, толағай жетістіктеріңіз мол болсын!