«Экономика және қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтында 15.01-20.01.24 ж. аралығында шетел семинары өтті.
ПОҚ арасынан академиялық ұтқырлыққа қатысқандар: Садвакасова Қ.Ж., Жұбаев С.Д., Шарипова Д.Ж., Ерниязов Р.А., Бозшағұлова С.О., Каримбаева Г.Ж., Төлегенова Қ.Т., Байдайрова Қ.Б.
Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтында курс өту барысында келесі мәселелер қарастырылды: Тоқыма және жеңіл өнеркәсіптің дамуы, тенденциялары және өндірісінің дамуы өндіріс саласының негізгі және шектеуші факторлары.
Семинар соңында «Экономика және бизнесті дамытудағы халықаралық тәжірибе» курсы бойынша сертификаттар берілді.