2024ж. 27-ші қаңтарда ұйымдастырып отырған Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы», Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қолдауымен Ы.Алтынсарин атындағы BINOM SCHOOL мектеп лицейі инновациялық білім аясында ұлттық құндылығымызды, салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Республикалық кәсіби суретшілерге, қолөнер шеберлеріне «Көркем еңбек», «Графика және жобалау» пәнінің ұстаздарына арналған.
«Оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында республикалық семинарға – практикум аясында іс-шара өткізілді.
Осы іс-шараға жоғарғы оқу орынынан Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ-нің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының қауым.профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты - Боранкулов Еркінбек Қағазбекұлы шақырту алып, Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру: инновациялық әдістер және электрондық платформалар атты тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар үлкен экранда мектеп мұғалімдерімен іс-тәжірибесін бөлісті. Өзінің және студенттердің еңбектері, қолөнер бұйымдары көрсетілді.