11.11.2023 жылғы Алматы қаласында «Оқу барысындағы және заманауи өмір кеңістігіндегі этнодизайн мен материалдық мәдени құндылықтары» халықаралық семинарға Түркия, Қырғызстан, Өзбекстаннан мамандар қатысты.
Осы іс-шараға Қазақ технология және бизнес университеті «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының асс.профессоры, п.ғ.к., Боранқұлов Еркінбек Қағазбекұлы барып баяндама жасады. Дизайн мамандығының оқу барысымен этнодизайн бағытындағы жұмыстар көрсетілді. Өзінің және студенттердің еңбектері, қолөнер бұйымдары сонымен қатар, мәдени құндылықтарымызды дәріптеп іс-тәжірибесімен бөлісті.
Ұйымдастырушылар: Қазақстан Этнодизайнерлер одағы, Алматы қ. Білім басқармасының Қалалық білім берудегі және технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы, №176 мектеп гимназиясы