Медиа

Оқу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау жарияланады

ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР!

Оқу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау жарияланады. Бос білім беру гранттарын беру конкурсына барлық оқу кезеңінде академиялық берешегі жоқ білім алушылар қатыса алады.

Конкурс үлгерімнің GPA орташа балы негізінде аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізіледі. Үлгерімнің орташа балының GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- ("өте жақсы"), содан кейін – А, А- ("өте жақсы") - В+, В, В -, С+бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады ("жақсы"), бұдан әрі – оқудың барлық кезеңіндегі аралас бағалар.

Кесте 1. Бос білім беру гранттары туралы мәліметтер

Конкурсқа қатысу үшін ақылы негізде білім алушыларға мынадай құжаттар қажет:

    • Президент-ректордың атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    • жеке куәліктің көшірмесі;
    • білім алушының транскрипт.