2024 жылғы 29 қарашада сағат 12:00-де "Қаржы және есеп" кафедрасының 1-курс магистранты Рысбай Қаныш Жалғасбекұлы "Мейрамхана дело және қонақ үй бизнесі" ББ 3 курс студенттеріне арналған РДГБ-223 тобында "Аудиттің тұжырымдамалық негіздері"тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сондай-ақ магистрант "Grant Thornton Kazakhstan" ЖШС аудиторлық компаниясының аға маманы болып табылады
Ашық сабақтың негізгі мақсаты үшінші курс студенттеріне аудит теориясының негіздерін ұсыну, оларды оның принциптерімен, кезеңдерімен және экономикалық қызметтегі маңыздылығымен таныстыру болды. Сабақтың міндеттері келесідей болды:
1) магистрант үшін педагогикалық практика жүргізу.
2) студенттерді аудит жүргізудің мақсаттары мен қағидаттарымен таныстыру.
3) практикалық мәселелерді шешу үшін теориялық білімді қолдануда студенттердің дағдыларын дамыту.
Дәріс бөлімінде магистрант мультимедиялық материалдарды (диаграммалары, схемалары мен графиктері бар слайдтар) қолданды, бұл материалды жақсы қабылдауға ықпал етті және көрнекілікті қамтамасыз етті. Педагогикалық практиканы өткізу барысында магистрант аудит негіздерімен таныстырды. Қаржылық есептілікті талдау мысалдарын келтіріп, 3 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аудиторлық компанияда жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті және іс-шараға қатысқан студенттерден де, оқытушылардан да оң пікірлер алды.