2024 жылы 26 қараша күні «Экономика және сервис» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алпысбаева Айнур Кунанбаевна «Қаржы» пәнінен «Қаржы нарығы» тақырыбында ФН 232, ЭК 232, ГМУ 232, УиА 242 (со) топтарына ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрісте екі сағат ішінде оқытушы ҚР қаржы нарығының инфрақұрылымы, жай-күйі, дамуы және реттелуі бойынша өзекті мәселелерді қозғады, теориялық аспектілерін толығырақ ашып, биржалық нарыққа, ақша нарығына, капитал нарығына, банктік, сақтандыру және зейнетақы нарығына практикалық талдау жасады. Бұдан әрі биржалық және зейнетақы нарығынан ҚР бағалы қағаздарымен мәмілелер бойынша цифрлық қосымшалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық есептеу тетігін пайдалу бойынша тәжірибелі мамандар жалғастырды.
Оқытушы өзінің педагогикалық шеберлігі мен біліктілігін көрсетті. Ашық оқу сабағына "Қаржы және есеп" кафедрасының меңгерушісі, кафедраның ПОҚ және ОӘБ маманы қатысты, олар 2 сағаттық ашық сабақ барысында оқытушының сабақты өткізу әдістемесін, тактикасын, материалды беру және талдау деңгейін және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануды, білім алушылардың білімін меңгеруін, олардың дайындығын, қызығушылығын бағалады.