2023 жылғы 11 желтоқсанда "Қазақстанның жаһандық экономикалық институттармен халықаралық өзара әрекеттесу тәжірибесі" тақырыбында "Экономика және қаржы" кафедрасының апталығы аясында ұйымдастырылған қонақ дәрісі өтті. Шақырылған спикер Ержан Әбіш, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі департаментінің директоры. Дәріс "Экономика", "МЖБ", "Менеджмент", "Есеп және аудит", "Қаржы" ББ 2-курс студенттеріне арналды. Дәрісте Қазақстанның жаһандық экономикалық институттармен халықаралық өзара қарым-қатынасының маңызды аспектілері ,мәселелері талқыланды. Спикер елге жаһандық экономикалық институттармен табысты ынтымақтастық, экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатына әсер ететін жобалардың қандай пайда әкелетіні туралы практикалық мысалдармен бөлісті.