Бірінші кезеңде ҚазТБУ студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысына конкурс туралы Ережеге сәйкес студенттердің 17 ғылыми жұмысы қаралды. Ереже негізінде комиссия құрылып және 2023 жылғы 7 желтоқсанда студенттердің барлық берілген жұмыстарын кеңес мүшелері қарады. ҚазТБУ студенттерінің үздік ғылыми-зерттеу жұмысына арналған конкурс туралы ереженің негізінде "Экономика және Қаржы" кафедрасы конкурстың екінші кезеңіне қатысуға жеңімпаз деп танылған келесі жұмыстарды ұсынды. Байқау жеңімпаздары: «Менеджмент» ББ – «Бизнес-жоспар, интернет-дүкен арқылы киім, аяқ киім сату», Макляк А. - 3 курс МТ-212, ғылыми жетекшісі - э. ғ. м., Қашкинбаева К. Т., «Мемлекеттік және жергілікті басқару» ББ – «Қазақстан Республикасының Қорғаныс-Өнеркәсіп кешені» Қрым Д. 4 курс ГМУ-202, ғылыми жетекшісі э.ғ.к., профессор м.а., Бақтымбет Ә. С. «Қаржы» ББ -«Цифрлық теңге» Гайсин А. 3 курс, Фн-212, ғылыми жетекшісі э. ғ. м., Жұмажанова М. Т. «Есеп және аудит» ББ – «Кірістер мен шығыстарды есепке алу». Копжасар М. 4 курс, УиА-201, ғылыми жетекшісі э. ғ. м., Аленова Б.Л.