Медиа

Үндістандағы курстық оқыту

Үндістан үкіметінің қаржы қаражаты есебінен ITEC бағдарламасы шеңберінде қазіргі уақытта кафедралардың 3 оқытушысы: қауымдастырылған профессорлар Ботбаева Ж.Т. және Шонтаев А.Д., аға оқытушы Ақжолтаева Ш.Н. кәсіби деңгейін арттыруда. Бұл курстық оқыту Үндістанның жетекші білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады: Ауыл шаруашылығындағы Ұлттық басқару институты (Хайдерабад қ.), Үнді технологиялық институты (Канпур қ.). Үндістан үкіметінің ITEC бағдарламасының арқасында университет оқытушылары теориялық және практикалық білімдерін жаңартып, кәсіби құзыреттіліктерін арттыратынын ерекше атап өтеміз.