2023 жылғы 17 сәуірде Лакхнау (Үндістан) ірі университетінің басшылық құрамымен онлайн-кездесу өтті.
Осы кездесуде келесі бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық туралы мәселелер талқыланды: студенттермен алмасу, профессорлармен дәріс оқу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу және мақалалар жариялау, конференциялар мен семинарлар өткізу.
Ынтымақтастық туралы Меморандумға екіжақты қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Осы бағытта жұмыс басталды.