КазУТБ в СМИ

Наурызнама: Қазақстанның дәстүрлері мен құндылықтарына арналған мерекелік декада

Қазақстанда 14-23 наурыз аралығында Наурыз мейрамына арналған «Наурызнама» атты ерекше мерекелік декада өтуде. Әрбір күнге арнайы тақырып бөлініп, ол қазақ халқының мәдениеті мен қоғамның құндылықтарын, дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын ерекше атап көрсетеді. Бұл кезең тек мереке ғана емес, сонымен қатар бірлік, татулық және дәстүрлерге деген құрметті тереңірек түсіну мүмкіндігі болып табылады.

«Наурызнама» аясында отбасы құндылықтары, қонақжайлық дәстүрлері, бірлік пен келісім мәселелері көтерілуде. Бұл күндер мәдени іс-шаралармен, ұлттық салт-дәстүрлермен байытылып, жастарға еліміздің бай мұрасын ұғындыруға мүмкіндік береді.

16 наурыз «Шаңырақ күніне» арналған болатын. Бұл күн отбасы мен қоғамның бірлігін білдіретін шаңырақ символына арналып, университет аумағында шаңырақ инсталляциясы қойылды. Студенттер фотозонада суретке түсіп, әлеуметтік желілерде өздерінің қуанышты сәттерімен бөлісуде. Профессор-оқытушылар да мерекелік сәттерін фотоға түсіріп, көңілді әсерлерімен бөлісуде.

Ал 17 наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» ретінде аталып өтілді. «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасы студенттерінің жасаған ұлттық киімдер мен картиналар көрмесін ұйымдастырылды. Студенттер ұлттық костюмдерді арнайы қуыршақтарға тігіп, манекендермен көрмеге қойды, бұл көрме қазақ халқының бай мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.

«Наурызнама» - тек мереке ғана емес, ол мәдени дәстүрлерді сақтап, оларды жастарға жеткізу, халықтың бірлігі мен ынтымағын арттыруға арналған маңызды шара.