Медиа

Наурыз - көктемгі күн мен түннің теңескен күні, көктемнің алғашқы күні мен табиғаттың жаңару мерекесі.

Наурыз - көктемгі күн мен түннің теңескен күні, көктемнің алғашқы күні мен табиғаттың жаңару мерекесі. Наурызды мерекелеу өмірді табиғатпен үндестікте орнықтыруды, жасампаз еңбек пен жаңарудың табиғи циклдері арасындағы ажырағысыз байланысты ұғынуды, сондай-ақ табиғи өмір көздеріне қамқорлықпен және құрметпен қарауды білдіреді. 2022 ж. 19 наурызда Қазақ технология және бизнес университетінде "НАУРЫЗ"ұлттық мерекесін тойлауға арналған іс-шара ұйымдастырылды. "Туризм және сервис" кафедрасының оқытушылары мен студенттері "Қыз ұзату"сахналық қойылымын дайындады. Негізгі мақсат-қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрін көрсету. Сахналық қойылым кезінде "Сынсу" орындалды. Көрермендер оң қуат алып, қазақ музыкасының дыбыстарын тыңдады.