Home / Жаңалықтар / Научный семинар д.э.н., профессора Дугаловой Г.Н.

Медиа

Научный семинар д.э.н., профессора Дугаловой Г.Н.

2023 жылғы 30 наурызда сағат 11.00-де э.ғ. д., профессор, ҚМДБ ҰҒА академигі Г. Н. Дугалованың Ғылыми семинарының отырысы өтті.

Гүлнар Нәжімиденқызы Ғылыми семинар қонақтарын таныстырды:

  1. Рыспанов Нұрлан Бектасұлы – т.ғ. д., ҚР ҰҒА құрметті мүшесі, Қазақстан тау-кен ғылымдары Ұлттық Академиясының президенті. Нұрлан Бектасұлы "Айналамыздағы тау-кен ісі" тақырыбында баяндама жасады.

  2. Жакупова Шахарбану Шормановна - э.ғ.д., қауымдастырылған профессор, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ бас ғылыми қызметкері. Шахарбану Шорманқызы "Жаңа жаһандық сын-қатерлер жағдайында халықтың табысын арттыру" тақырыбында баяндама жасады.

Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Алтынбек Серік Атақонысұлы құттықтау сөз сөйледі. Университет студенттері мен ПОҚ арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту үшін Ғылыми семинардың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми семинар жұмысына университет оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты. Баяндамашыларға қызықты сұрақтар қойылды.

Соңында Гүлнар Нәжімиденқызы қонақтарға және ғылыми семинардың барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, Нұрлан Бектасұлы мен Шахарбан Шорманқызына естелік сыйлықтар табыс етті.