2022 жылғы 7 желтоқсанда сағат 11.30-да э.ғ.д профессоры ҚЖМ ҰҒЫ академигі Г.Н Дугалованың ғылыми семинарының отырысы өтті. Гүлнар Нәжімиденқызы ғылыми семинарда қонақтармен таныстырып өтті:
- Қажыкен Мейрам Зекешұлы-э.ғ.д. "Қазіргі қоғамды зерттеу институты" ЖШС директоры. Мейрам Зекешұлы "Қазақстан экономикасын дамытудың жаңа моделі туралы" тақырыбында баяндама жасады.
- Дворецкий Владимир Яковлевич-ф.м.- ғ.к. "Қазақстанның қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағының"төрағасы. Владимир Яковлевич "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті жобалары"тақырыбында баяндама жасады. Ғылыми семинар жұмысына оқытушылар мен студенттер белсенді қатысты. Баяндамашыларға қызықты сұрақтар қойылды. Соңында Гүлнар Нәжімиденқызы қонақтарға және ғылыми семинардың барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, Мейрам Зекешевич пен Владимир Яковлевичке естелік сыйлықтар табыс етті.