КазУТБ в СМИ

Музыкалық-драма театрының бас киімдері мен сахналық костюмдерінің дизайнерімен кездесу

Заманауи музыкалық-драмалық театр - бұл музыка мен актерлік әлем ғана емес, сонымен қатар костюм өнері мен сахналық дизайн маңызды рөл атқаратын кеңістік. Сахнада осы баға жетпес рөлді ойнайтындардың бірі — сән дизайнері, бас киім мен сахна костюмдерінің дизайнері. 2025 жылдың 13 наурызында «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының апталығы аясында Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрының суретші-сәнгерімен, бас киімдер мен сахналық костюмдер дизайнері Құсайынова Райхан Шаймерденқызымен кездесу өтті. Қонақ дәрісінің тақырыбы – «Бас киімдер мен костюмдердің бейнені жасаудағы рөлі: тарихи дәуірлерден қазіргі тенденцияларға дейін».

Айта кету керек, Райхан Шаймерденқызы біздің университеттің түлегі, 2007 жылы Қазақ технология және бизнес университетін бітіріп, «киім дизайнері» біліктілігін алған.

Кездесу барысында дизайнер сахналық костюмдерге арналған бас киімдерді жасау тәжірибесімен бөлісе отырып, сахналық бас киімдердің шығу тарихы туралы материалдарыменде бөлісті. Райхан Шаймерденқызының айтуынша, костюмді дайындау даму процесі кейіпкерді терең талдаудан және қойылымнан басталады. Әрбір элемент — маталардан бастап ең кішкентай бөлшектерге дейін-сәндік мақсаттарға қызмет етіп қана қоймайды, сонымен қатар кейіпкердің мінезі мен күйін жеткізуге көмектеседі. «Менің көзқарасым әрқашан кейіпкердің қандай рөл атқаратынына, сахнада қандай эмоцияларды бастан кешіретініне негізделген», — деп, бұл костюм элементтерін жасау үшін тек қол еңбегі қажет екенін атап өтті.

Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Ж.Б. Байжанова ұмытылмас шеберлік, жоғары кәсібилігі, бас киімдерді өңдеудің түрлі әдістерін тігін және дизайн саласының студенттеріне қызықты, танымды ұсынғаны үшін зор алғысын білдіре отырып, Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ ректоры атынан Л.К. Байболованың алғыс хатын табыс етті.

Кездесу барсында Қ. Қуанышбаев атындағы Ұлттық музыкалық-драма театрының БАҚ өкілі қатысып, материалды @kaztheatre инстапрақшасында жариялады.