Медиа

"Өмір қауіпсіздігі" бағдарламасының студенттері өрт сөндіру бөлімі мен Апаттар медицинасы орталығына барды

«6В11230 – Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» білім беру бағдарламаның 1-4 курс білім алушылары және «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары Нұртай Ж.Т., Такирова А.Х., Тұраққазы А. А., Сламқұл И. С. ағымдағы жылдың 17 қарашасында Асқар Забикулин атындағы № 6 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығына (АМО) танысу экскурсиясымен барды.

Өрт қауіпсіздігі және авариялық-құтқару жұмыстары саласындағы болашақ мамандарға АМО-да дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша оқыту сабақтары өткізілетін манекендер көрсетілді, өрт сөндірушінің барлық жұмыс процесін, пайдаланылатын өрт техникасын көрді, сондай-ақ Асқар Забикулин ескерткішіне барды.