2023 жылдың 15 наурызында «Экономика және басқару» кафедрасының әдістемелік семинары өтті. Семинарға «Экономика және сервис» факультетінің Деканы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер», «Есеп және қаржы» кафедраларының оқытушылары қатысты. «Оқу-әдістемелік материалдарды дайындау, оқулықтар, оқу құралдарын жазу бойынша ұсынымдар» тақырыбында э.ғ.д., профессор Кусаинов Халел Хаймуллиевич баяндама жасады. Семинарда әдістемелік ұсынымдар (семинар, зертханалық сабақтарға нұсқаулар, дидактикалық материалдар), автордың (авторлардың) құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, оқу-әдістемелік материал жазу алгоритмі, оқу құралының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар, электрондық оқу басылымдарының құрамына қойылатын талаптар және т. б. айтылды. Қорытындылай келе,«Экономика және сервис» факультетінің Деканы Нургалиева Алмагуль Шаймуратовна және «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі Бақтымбет Әсем Сериковна э.ғ.д., профессорды қызықты ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдірді. Әдістемелік семинарда ашылған тақырып бүгінгі таңда өте өзекті және сұранысқа ие.