2023 жылғы 27 сәуірде сағат 11.00-де "Экономика және басқару" кафедрасының әдістемелік семинары өтті.
Э.ғ.к., профессор Ибраимова Сәуле Жұмағалиқызы «Ғылыми атақтар беру ережелері» тақырыбында сөз сөйледі. Баяндамада автор ғылыми атақтар беру ережелері (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор), сондай-ақ профессор ғылыми атағын беру ережелері туралы айтты. Ғылыми атақтар беру үшін ғылыми бағыттардың жіктеуішін ұсынды. Сондай-ақ университеттің ғылыми атақ беруге өз кандидатураларын ұсынған ізденушілерге арналған рәсімі туралы айтты.
Әдістемелік семинар жұмысына оқытушылар белсенді қатысты. Баяндамашыға қызықты сұрақтар қойылды.
Қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі Бақтымбет Әсем Серікқызы. қонақтарға және барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, кафедраның жас ғалымдары үшін ақпараттың пайдалылығы мен танымдылығын атап өтті.