"Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер" кафедрасының аға оқытушысы Кенжебулатова Асия Микояновна, РДГБ-222,223, ITCC-222, МТур-222, ТМ-222 топ білім алушыларымен бірлесе отырып, 2023жылдың 05-ші желтоқсанында сағат 15.00те университеттің акт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған "Тәуелсіздік және Мен" атты зияткерлік-танымдық іс-шара өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты, білім алушыларымызды отансүйгіштікке, Отанға деген құрметке, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтанышқа тәрбиелеу болды.