Медиа

Мектептегі кездесу!

Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру іс-шараларының бекітілген жоспарына сәйкес «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры Қанафиева Қ.Қ., университеттің кәсіптік бағдар беру компаниясының бөлім қызметкерімен бірлесіп, 2023 жылы 19 қаңтарда Астана қаласындағы №63 мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысына қатысты. Мақсатты аудиторияға 2023 жылы ҚазҰТБ-ға түсу тәртібі таныстырылып, ЖОО-ға өту балы жарияланып, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың ерекшелігі айтылды. Университет туралы бейнероликтерді көргеннен кейін ата-аналар ғылыми алмасу нысандары, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, оқу және өндірістік тәжірибедегі серіктестер туралы білді.