Медиа

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ

2023 жылдың 8 ақпанында «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы білім бөлімінің Ақмол ауылындағы орта мектебі» КММ Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру бөлімінің мобильді тобының қызметкерлерін қабылдады. Түлектерге кітапшалар таратылып, ЖОО туралы презентация көрсетілді. Студенттерді қабылдау шарттарымен таныстырып, білім беру бағдарламаларымен, сондай-ақ академиялық ұтқырлықпен, жатақханада тұру жайында танысып, қолжетімді спорт секциялары, студенттік зертханалар туралы біле алды.