2022 жылы 29 сәуірде ф.ғ.к., Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымд.профессоры Сапина С.М. ұйымдастыруымен «Жоғары оқу орындарында ғылыми-этикалық нормаларды сақтау» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинар қазіргі кезде жекелеген білім беру ұйымдары болсын, жалпы жоғары білім беру саласы үшін өзекті тақырыптардың бірі болып отырған академиялық адалдық мәселесіне арналды. Семинарға университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, студенттері қатысты. Бас қосу барысында ғылыми-этикалық нормалардың бұзылуы деген не, неден пайда болады, академиялық адалдықты сақтаудың жолдары, жазбаша жұмыс жазу барысында плагиатқа жол бермеудің жолдары, ғылыми-этикалық нормаларды бұзудың өзге де жағдайлары туралы ақпарат берілді, қолданыстағы тәжірибелер ортаға салынды. Пікір алмасу барысында кафедраның қауымд.профессоры т.ғ.к., Айдарова Ш.А. сөз сөйлеп, кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., қауымд.профессор Алтайбекова К.Т. семинарды қорытындылады.