Медиа

Қ.Құлажанов ат. ҚазТБУ Президент-ректоры үздік оқушылардың мектебіне алғыс білдіруде

13.03.24ж. Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ Президент-ректоры, профессор С.Н. Байбеков Астана қ. № 85 мектеп-лицейінің түлегі, «Дизайн» ББ ІІ курс студенті Мусина Диляраның жетістіктерін атап өтіп, университетіміздің атынан мектеп директоры мен мұғалімдеріне шын жүректен алғысын білдірді. Алғыс хатты, мектеп директоры - Казиева Марал Кадикеновнаға Президент-ректордың атынан «ЖӨТжДизайн» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к., қауым. профессор Байжанова Ж.Б. және Мусина Диляраның кураторы магистр, оқытушы Жетербаева Р.А. табыстады.

Қазіргі таңда 09.10.2023ж. бастап, Мусина Диляра «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша Малайзиядағы «Universiti Тeknologi Malaysia» университетінде білім алуда.

Сондай-ақ, осы мектептің басшылығымен түлектермен кездесу ұйымдастырылып, кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Барлық түлектерге сайт туралы, талапкерлерді қабылдау ережелері, әскери кафедра туралы ақпарат берілді. Оқушыларға таңдалған білім беру бағдарламалары бойынша білімнің маңыздылығын, мамандықтардың болашағын, сапалы білім берудің құндылығы түсіндірілді.