Home / Жаңалықтар / Қ. ҚҰЛАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «8 НАУРЫЗ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ» ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС- ШАРА ӨТТІ

Медиа

Қ. ҚҰЛАЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «8 НАУРЫЗ- ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ» ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС- ШАРА ӨТТІ

Университетіміздің президент-ректоры Сейіт-Қасым Байбеков нәзік жандардың қоғамдағы орнын айрықша атап өтті. Барша қыз-келіншектер қауымына ізгі тілектерін білдіріп, мерекемен құттықтады. Салтанатты шараның қонағы «Аманат» партиясының директоры арнайы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді оқытушылар құрамын алғыс хатпен марапаттады. Өз кезегінде президент-ректорымыз Сейіт-Қасым Байбеков мерекелік шараға тұспа-тұс келген университетіміздің «Технологиялық» факультетінің деканы, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Гульзат Скендировна Жунусованың мерейтойына орай құттықтау қағазын табыстап, туған күнімен құттықтады.

Салтанатты жиын жастар ісі жөніндегі комитеттің дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты. Университеттің жігіттер қауымы дайындаған мерекелік бағдарлама көптің көңілінен шығып, ханымдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.