Медиа

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде 2024-2025 оқу жылына талапкерлердің құжаттарын қабылдау басталды!

Қабылдау комиссиясы жұмысының салтанатты ашылу рәсіміне университет пен колледж басшылығы қатысып, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Қабылдау комиссиясы таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Комиссия құрамына тәжірибелі оқытушылар мен декан орынбасарлары жұмыс жасайды. Олар түсіндірме кәсіби бағдарлауды жүзеге асырады, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша кеңес береді. Комиссия мүшелері талапкерлерге онлайн және офлайн форматта сапалы және жедел қызмет көрсетеді. Талапкерлер университет мамандықтары туралы толық ақпаратты сайт бетінен ала алады – https://kaztbu.edu.kz/ru. Сондай-ақ, ең қажетті және маңызды ақпарат университеттің @kazutb_university ресми сайтында және әлеуметтік желілердің беттерінде күн сайын жарияланады.