Өткізілген күні: 27.02.2024 ж.
Қатысушылар саны: 20
Мақсаты: Стрессті және оның денсаулық пен оқу үлгеріміне әсерін анықтау.
Студенттер үшін стресстің жалпы көздерін талқылау.
Іс-шара бағыты: Тренинг
Көрнекілігі: Психологиялық техникалар, Бектың мазасыздық шкаласы, психологиялық ойындар мен жаттығулар.
2024 жылдың 27 ақпан күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде магистр-психолог, аға оқытушы Сабырбай Бекболат Еділбайұлының ұйымдастыруымен студенттер арасында стресс көзін анықтау, және стрессті тиімді басқару әдістерін насихаттау үшін «Студенттерге арналған стресс-менеджмент» тақырыбында тренинг өткізілді.
Аталмыш шараға студенттер аса қызығушылықпен қатысты. Студенттер іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты. Сөз соңында Сабырбай Б.Е. қатысушыларға алғысын білдіріп, тренингті аяқтады.