1 Ғылым және коммерцияландыру бөлімі:
Басшы - 1 бірлік.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми еңбектерінің немесе өнертабыстарға авторлық куәліктерінің болуы, ғылыми дәрежесінің болуы, жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
1. Сыртқы үміткерлер үшін:
1) Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
2) Өмірбаян;
3) Білімі (қосымшасы бар), академиялық, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы дипломдардың көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге);
4) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
5) Ғылыми жұмыстардың тізімі;
6) Қаржыландырылатын ҒЗИ-ға қатысатынын растайтын құжат (есеп, бұйрық);
7) Медициналық кітапша;
8) ҚР Бас прокуратурасы оң статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
9) Психоневрологиялық және наркологиялық диспансерде есептің жоқтығы туралы анықтама;
10) Жеке куәліктің көшірмесі;
11) Еңбек кітапшасының көшірмесі (не жұмыс өтілін растайтын өзге де құжат);
12) Ғылыми жарияланымдардың, оқу әдебиеттерінің бедерлері (бар болса);
13) Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (бар болса);
2. Университеттің ішкі үміткерлері үшін:
1) Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
2) Ғылыми жұмыстардың тізімі;
3) Қаржыландырылатын ҒЗИ-ға қатысатынын растайтын құжат (есеп, бұйрық);
4) Медициналық кітапша;
5) Ғылыми жарияланымдардың, оқу әдебиеттерінің бедерлері (бар болса);
6) Шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар (бар болса).
Конкурсқа құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 14 күнтізбелік күн (2025 жылғы 27 қаңтардан 09 ақпанға дейін сағат 18:00-ге дейін.).
Ескертпе: конкурсқа қатысуға құжаттар пакеті мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Қайым Мұхамедханов к-сі, 37А, каб.1/410.
Құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: 72-58-12 (ішкі. 104). Өтініш