Медиа

КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІ БАСТАУ

Қазақ технология және бизнес университетінің кәсіптік бағдар беру маусымы Ерейментау қаласы мен оның маңындағы ауыл мектептерінен басталды. Жергілікті жерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында мектеп түлектері университеттің білім беру бағдарламаларымен танысты. Болашақ талапкерлерге университет жайлы презентациялар, жоғары оқу орындарына түсу ережелері, ҰБТ-ға тіркелу және тапсыру мерзімдері, әскери кафедраға оқуға түсу шарттары, жатақханада тұру ережелері және оларды қызықтыратын басқа да мәселелер ұсынылды.