2025 жылдың 15 сәуірінде Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күніне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара «Салааралық зерттеулер: ғылымның жаңа белестері» ұранымен ұйымдастырылды.
Қазіргі ғылым түрлі салалардың түйіскен нүктесінде дамып келеді. Конференция – ғалымдар, оқытушылар, жас зерттеушілер, сондай-ақ бизнес пен мемлекеттік сектор өкілдері арасында тәжірибе және идея алмасуға арналған маңызды алаң болды.
Конференцияның тақырыптары кең ауқымды қамтыды – химиялық инжинирингтен бастап, цифрлық технологиялар, тұрақты даму, туризм және дизайн салаларына дейін.
Конференцияның басты бөлімі – пленарлық мәжіліс – отандық және шетелдік сарапшылардың баяндамаларымен ерекшеленді:
-
Tansel Tercan, PhD, қауымдастырылған профессор, Rixos Astana бас директоры
«Туризм және қонақжайлылық саласындағы қазіргі заманғы қиындықтар: инновацияға жол» -
Omer Zaimoglu, PhD, доцент, Ақдениз университеті (Түркия)
«Ақдениз университеті мен қазақстандық ЖОО-лар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың келешегі» -
Ногоева Гулнура Дүйшенбековна, э.ғ.к., доцент, Қырғыз экономикалық университеті
«Индустрия 4.0 тұжырымдамасы: экономикалық қызметті цифрлы ұйымдастыру түрі ретінде» -
Мажикенов Серік Қайроллинович, «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру департаментінің директоры
«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға арналған гранттық бағдарлама» -
Зейнуллин Әбдікәрім Әбжәлелұлы, т.ғ.д., профессор, ҚазТБУ
«Тау-кен ғылымының даму тенденциялары» -
Дәлелбекқызы Ақмарал, PhD, ассистент-профессор, ҚазТБУ
«Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретудің инновациялық әдістері»
Күннің екінші жартысында қатысушылар төмендегі 8 ғылыми бағыт бойынша секциялық жұмыстарын жалғастырды:
- Инновациялар және стандарттау
- Химиялық инжиниринг және экология
- Цифрлық инженерия
- Жеңіл өнеркәсіп және дизайн
- Экономикалық даму стратегиялары
- Туризм және қонақжайлылық
- Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер
- Қаржылық-бухгалтерлік зерттеулер
Конференция қорытындысында студенттер, магистранттар мен оқытушылар дайындаған үздік ғылыми жұмыстар марапатталды.
Іс-шараға 200-ден астам қатысушы – университеттер, ғылыми ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен бизнес саласының өкілдері қатысты. Бұл салааралық және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастық – жаңа ғылыми жетістіктерге жол ашатын маңызды қадам екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.