11.03.2024 ж. сағат 11:00-де университетіміздің акт залында «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының «Тарих. Таным. Тылсым» атты апталығының ресми ашылуы өтті.
Апталықтың ашылуында Қ. Құлажанов атындағы Қазақ ТБУ оқу ісі жөніндегі проректоры Дусмат Саматұлы сөз сөйлеп, әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің ел азаматтарын қалыптастыруда, мемлекетшілдік идеологияны жастарға дарытуда үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.
Экономика және қызмет көрсету факультетінің деканы Қанат Сейітқамалұлы «ӘГП» кафедрасы қызметінің білім алушыларға базалық білімді ұсынуда, жан-жақты мамандарды тәрбиелеуде алатын орны ерекше екендігіне тоқталды.
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Қанағат Тұрсынбайқызы жиылған қауымға апталықтың бағдарламасын таныстырды. Апталық ресми түрде наурыздың он бірінде ашылғанымен, іс-шаралары бірінші наурыздан басталып кеткендігін де тілге тиек етті.
Апталық бағдарламасын талдай келе кафедрадағы профессор-оқытушылық құрамның өзге ғылыми-зерттеу ұйымдарымен тығыз байланысының дәлелі ретінде апталыққа 4 іргелі ғылым Ордасынан ғалымдар шақыртылғандығын тындармандарға жеткізді. Атап айтқанда: • Сәкен Сейфуллин атындағы ҚазАЗУ • Астана медицина университеті • Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ • Қазақстандық қоғамдық даму институты.
Профессор Баимбетова Рабига Кабдуловна өз кезегінде кафедраның құрылу тарихынан сыр шертіп, білім алушылар мен әріптестеріне апталық
шараларына сәттілік тіледі.
Ашылу салтанатын РДГБ-232 тобының Әділхан есімді студенті ән шашуымен жалғаса, РДГБ-231 тобының Хабиба атты білім алушысы мың бұралған биімен тәмамдады.
Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, апталық бағдарламасы бойынша пікір алмасып тарқасты.
«Қазақ дүниетанымдағы Адам мәселесі» тақырыбында ашық дәріс Наурыз айының 11і күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасыда апталық өтті. Апталыққа Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің «философия» кафедрасынан профессор, филсофия ғылмдарының кандидаты Жетібаев Ерзат Жетібайұлы «Қазақ дүниетанымдығы Адам мәселесі» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріскер дінге де, жаратылыстану ғылымдарына да қатысты сана мен танымның дамуында басым орын алатын қазақ қоғамдық-философиялық ойындағы адам проблемасына баса назар аударды. Бұл проблеманың дамуы-қазақ рухының, оның ұлттық санасының даму тарихы екенін айтты. Білім алушылар үшін дәріс қызықты, танымдық түрде өтті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар Адам, оның өмір сүруінің мәні - қазақ философиясының негізі болып табылатындығы туралы біртұтас көзқарасқа келді.
2024 жылдың 11 наурыз күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде магистр-психолог, аға оқытушы Сабырбай Бекболат Еділбайұлының ұйымдастыруымен «Педагогтың эмоционалды өзін-өзі реттеу психотехникалары» тақырыбында тренинг өткізілді. Іс-шара мақсаты: Оқытушыларға өзін-өзі реттеу туралы ақпарат беру және стрессті басқару психотехникаларын дағдыландыру. Іс-шара қонақтары: Астана медицина университетінің оқытушылары Толегенова Гульмира Толегеновна мен Жолдасқызы Гүлнар және «Жалпы медицина» мамандығының 5 курс студенттері. Аталмыш іс-шараға факультет деканы Мустафаев Канат Сейткамалович, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Алтайбекова Қанағат Тұрсынбайқызы, университет оқытушылары мен білім алушылары аса қызығушылықпен қатысты. Қатысушылар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатты. Психологиялық тренинг жоғары деңгейде бағаланды. Сөз соңында факультет деканы мен кафедра меңгерушісі – тренинг жүргізушісі Сабырбай Бекболат Еділбайұлына, сондай-ақ қатысушыларға алғысын білдіріп, тренингті аяқтады.
Наурыз айының 12і күні Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінде, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасыда апталық өтті. Апталыққа Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Философия» кафедрасының профессоры Күлшат Ағыбайқызы Медеуова қатысып, білім алушыларға арнап дәріс оқыды. Дәріскер Қазақстан тарихындағы оқиғалар, тұлғалар және аса маңызды сәттер туралы әңгімелеп, тарихи фактілерге ғана емес, нақты билеушілердің психологиясына, олардың ойлау тәсілдеріне, оларды тарих үшін қандай да бір маңызды шешім қабылдауға итермелеген уәждерге назар аударды. Өйткені, есте сақтау қазақ халқының ұлттық бірегейлігін сақтаудың аса маңызды факторы болып табылады. Білім алушылар үшін дәріс қызықты, танымдық түрде өтті. Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Наурыз айының 13-жұлдызында Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында «Дәстүр модернизациясы және Тарих тылсымы» атты ғылыми-танымдық семинар өтті. Семинар екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімінде «Тарих тылсымы» тақырыбында кафедра оқытушысы Дархан Асқарұлы Қазақстан мен әлем тарихының өзара байланысын, тылсымға толы тарихи факттер сәйкестіктері мен прототүркі және түркі өркениеті туралы диалог-дәріс өткізді.
Семинардың екінші бөлімінде арнайы шақыртылған лектор, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ төрағасының орынбасары, шығыстанушы PhD, Олжас Түсіпбекұлы Бейсенбаев «Дәстүр модернизациясы» тақырыбында баяндама оқыды. Олжас Түсіпбекұлының баяндамасы Қазақстандық қоғамдық даму институтының сараптамалық баяндамалары, әлеуметтік зерттеулері негізінде өзекті мәселелерді қозғады.
Ғылыми-танымдық семинарға жиналған профессор-оқытушылық құрам мен білім алушылар тарих пен қатар қоғамдағы жиі талқыға түсетін ұлттық ұстанымдар, ұлттық сәйкестікті сақтау концепциясы, дәстүр мен заң турасында отандық және халықаралық зерттеулердің нәтижелерімен танысты.
Іс-шара соңында кафедра оқытушылары мен шығыстанушы Олжас мырза пікір алмасып, өзара серіктестікте елге қызмет етуге уағдаласты.
Кафедра профессорі Абуов Айдар кафедра апталығы аясында 2024 оқу жылының 13 наурызында 1 курс студенттеріне «XVIII-XX ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында ашық дәріс жүргізді.
13.03.2024 ж. 1 курс студенттеріне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі және ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, профессор Дархан Хамзабекұлы Мыңбай «XVIII-XX ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті» тақырыбында дәріс оқыды. Дәріс жоғары деңгейде өтті. Студенттер «Мәдениет ұлттық немесе ұлтаралық болуы тиіс?», «Қазіргі кезеңде біздің қауіпсіздігімізге қандай қауіп төндіруі мүмкін?» деген сұрақтар қойды. Сұрақтарға толық жауаптар берілді. Жастар мәдениетінің трендтері және т.б. туралы айтып берді.
14 наурызында кафедра апталығына байланысты ІТМ-232/2 тобында «Қазақ тілі» пәнінен оқытушысы, ф.ғ.м., Абдыкадырова Толкын Хасеновна ашық сабақ өткізді. Сабақтың жалпы мақсаты: Білім алушылардың тілдік дағды әрекеттерін қалыптастыра отырып, қазақтың ұлтық тәрбиесі жайлы жан-жақты мәлімет беру. Міндеттері: Білім алушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту, шығармашылықпен жұмыс жасау, өз ойын еркін жеткізу, сөздік қорды дамытуға үлес қосу. Қазақ елінің салт-дәстүр, әдет-ғұрып құндылықтарын қадірлеуге, тіліміздің жанашыры болуға, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Тұрақты тіркестер мен терминдер, оларды сөз арасында қолдана білу әрекеттерін іске асыру. Тілдік дағдының барлық түрі қамтылып, түрлі «ыстық орындық», «swot талдау», «микс жаттығу», «суреттер сөйлейді», «кері байланыс күнделігі», «блоб ағашы» әдіс-тәсілдері қолданылып, білім алушылар белсене қатысып, сабақ өз деңгейінде өте ұтымды өтті. Ашық сабаққа жетекші маман М.С. Абзалбекова, «ӘГП» кафедра меңгерушісі, ф.ғ.кандидаты, қауым., профессор К.Т.Алтайбекова, кафедра аға оқытушылары Б.Ж. Жұмамұхамедова, Ш.А. Альжанова қатысып, сабақтың өту деңгейін талқылады.
ӘГП кафедрасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-сазды тәрбиелік сағат өтті. Артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, өлеңдері мен әндері арқылы студенттерді әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған кешке университеттің барлық 1- курстары қатысты.
Іс-шарада, студенттер ақынның әндерінен шашу шашты. Өткізілген кештің нәтижесінде Мұқағалиы бар қазақ елі күннен-күнге жаңара береді. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді, – деп тоқталып өтті өз кезегінде, ӘГП кафедрасының меңгерушісі Қ.Т.Алтайбекова.
2024 жылдың 14 наурызында Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының апталығы аясында білім алушылар арасында (гір тасын көтеру және армрестлинг) спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Білім алушылар жоғарыда айтылған спорт түрлеріне белсене қатысты.
Білім алушыларды қолдауға көрермендер мен жанкүйерлер жиналды. Университетте спорттық, салауатты бәсекелестік орнады.
Келесі спорт түрлері бойынша жеңімпаздар тізімі: Гір тасын көтеруден 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша: I орын Серік Нұрсұлтан.. ІІ орын Үсен Нұрдәулет. ІІІ орын Сайдалин Нұрсұлтан.
Гір тасын көтеруден 70 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша: I орын Алдаберген Данияр. ІІ орын Апсаметов Алдияр. ІІІ орын Ескендір Даниял.
Армрестлингтен 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша: I орын Кызкен Альнур. II орын Сәрсенбай Бекжан. III орын Онайбекұлы Мұхамеджан.
Армрестлингтен 70 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша: I орын Алдаберген Данияр. II орын Қабдуалиев Жасұлан. III орын Арбаев Бехруз.
Бүгін, 2024 жылы 14 -наурызда КазТБУ - да "Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер” кафедрасының апталығы аясында екі ұлы ақынның шығармашылық мұрасына арналған “Абай және Пушкин екі жүрек үндестігі “ атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: 1-курс студенттерінің қазақ және орыс халықтарының мәдени игілігіне баулу; -Абай және Пушкин шығармашылық мұрасына деген қызығушылықтарын ояту. Іс-шараға қатысушылар ұлы ақындардың шығармашылық мұрасы туралы презентациялар дайындады. 1-ші курс студенттерінің орындауында ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқу, музыкалық аспап қобызда ұлы Абайдың әндері ойналып сүйемелденді. Көрермендерге өткізілген іс-шара жағымды көңіл-күй , ұмтылмас әсер қалдырлы.
КАФЕДРА АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
Кафедраның апталығы бағдарламаға сәйкес толық қамтылды. Іс-шара білім алушыларға жалпы тілдік, зияткерлік және танымдық қабілеттерін көрсетуге, дамытуға, білім беру ой-өрісін кеңейтуге негізделді.
Апталықтың мақсаты: Білім беру процесінің сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабылеттерін жетілдіру және спорттық дағдыларын дамыту.
Қорыта айтқанда , ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағының кепілі екендігі белгілі. Білім беру , салиқалы жастарды тәрбиелеу жолында кафедра ПОҚ-ның үлесі зор.