2023 жылы 8 желтоқсанда «Экономика және қаржы» кафедрасының апталығы аясында "Инвестициялар елдің экономикалық өсу көзі ретінде"тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Шақырылған спикер э.ғ. к., доцент Азамат Айтқалиұлы Нұрсейітов, "Kazakh Invest" ҰК АҚ аппаратының басшысы. Дәріс "Экономика", "ММУ", "Менеджмент", "Есеп және аудит", "Қаржы" ББ 2-ші және 4-ші курс студенттеріне арналды. Дәрісте елдің экономикалық дамуындағы инвестициялардың рөлі, түрлері, олардың өндірістің өсуіне, жұмыспен қамтуға, инновацияға және экономиканың басқа аспектілеріне әсері туралы мәселелер талқыланды.