2023 жылдың 27 наурызында "Экономика және басқару" кафедрасында "цифрлық экономика" пәні аясында ФН-212, ФН-211, Эк-211, ФН-202, ГМУ-202 топтарының студенттеріне "Визуалды және инстраграмға жылжыту" және "жасанды интеллект" тақырыптарында қонақ дәрісі өтті, онда дәріскерлер IT технологиялардың аға оқытушысы, NM creative курсының авторы, SMM сарапшысы Мақсұтова Наталья және продюсер, видеограф, нейрондық желілер бойынша сарапшы Сыздықов Руслан болды. Дәрістің мақсаты: студенттерді экономиканы цифрландырудың ерекшеліктерімен, оның ішінде сатуды цифрландырумен, сондай-ақ әртүрлі салаларда жасанды интеллектті пайдалану мәселелерімен таныстыру. Дәріскерлер жасанды интеллектті қолданудың практикалық қызметіндегі тәжірибелерімен, жасанды интеллект бойынша пайдалы қосымшаларымен бөлісті. Дәріс барысында студенттер мен ПОҚ сұрақтар қойып, кері байланыс орнатылды. Жалпы, дәріс өте қызықты, танымдық, өзекті болды, тәжірибеден келтірілген мысалдарды кез-келген адамның оқуында, жұмысында, мансабында қолдануға болады. Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті.