Home / Жаңалықтар / Информация по экологической акции

Медиа

Информация по экологической акции

022 жылдың 17 қыркүйегінде "Экология" мамандығының 1 курс студенттері А. Ақанова, В. Борисова, А. Жұмабай және С. Ханафина топтың кураторы, “Химия, химиялық технология және экология” кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Д. Шонтаевпен бірлесіп, кафедра меңгерушісі Ж.Т. Нұртай басшылығымен Астана қаласындағы Сарыарқа ауданы Көктал тұрғын үй саябағындағы ағаш көшеттерін отырғызудың экологиялық акциясына қатысты. "Байтақ Болашақ" Экологиялық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астаналық филиалы "Қазақстандағы таза ауа үшін" ұранымен акцияны ұйымдастырды. Экологиялық іс-шараға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің қызметкерлері, экобелсенділер мен үкіметтік емес ұйымдардың, "Алтын ұя - Еркеле" Қайырымдылық қорының өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ә.М. Әбсеметова қатысты. Акция соңында іс-шараға қатысушыларға "Байтақ Болашақ" Экологиялық альянсы" РҚБ құрметті президенті Олжас Омарұлы Сүлейменов атынан алғыс хаттар табыс етілді.