КазУТБ в СМИ

Iamdifferent.brand бренді негізін қалаушы, тігін бизнесі бойынша сарапшы Зарина Акшулакованың КазТБУ-нің «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының «Дизайн» және «ЖӨБТҚ» білім беру бағдарламасының студенттерімен кездесуі

2025 жылдың 11 наурызында Қ.Құлажанов атындағы ҚазТБУ «Жеңіл өнеркәсіп технологиясы және дизайн» кафедрасының апталығы аясында «Дизайн» және «ЖӨБТҚ» білім беру бағдарламаларының студенттерімен танымал кәсіпкер, «Iamdifferent.brand» брендінің негізін қалаушы, тігін бизнесі бойынша сарапшы Зарина Акшулакова кездесті. Мұндай танымал кәсіби маманмен кездесу студенттерге сән және дизайн индустриясындағы негізгі аспектілерді түсіну, сондай-ақ құнды білім алуға ерекше мүмкіндік берді.

Зарина Акшулакова өткізген қонақ дәрісінің тақырыбы: «Қалай сәтті дизайнер болуға болады... Мансап пен даму». Дәріс барысында қонақ өз брендісін құру мен жылжытудың тәжірибесін ғана емес, әлемдік сән индустриясындағы тенденциялар, сондай-ақ заманауи дизайн контексінде маталармен, текстуралармен және түстермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы да айтып берді.

Арнайы назар бизнес ұйымдастыру, жас кәсіпкерлердің кездесетін қиындықтары және брендті тиімді жылжытудың стратегияларына аударылды. Зарина Акшулакова шығармашылық көзқарас пен бизнес стратегияларын үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі нарық жағдайында брендтердің табысты дамуының кілті екенін айтты.

Студенттер сән дизайны, тігін өндірісі саласындағы әртүрлі аспектілер бойынша сұрақтар қойып, сондай-ақ карьера мен кәсіпкерлік даму бойынша кеңестер алды. Дәріс студенттер үшін білім алу ғана емес, өз идеяларын сән мен дизайн саласында жүзеге асыруға ұмтылған жас мамандар үшін шабыттандыратын тәжірибе болды.

Кездесуді қорытындылай келе, «ЖӨТжДизайн» кафедрасының меңгерушісі Жазира Болатбековна Зарина Акшулаковаға жастармен осындай маңызды кездесуді өткізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіріп, мұндай кездесулердің студенттердің шығармашылық және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

Бұл кездесу практикалық тәжірибе мен сәтті кәсіпқойлармен ынтымақтастықтың білім беру процесінде қаншалықты маңызды екенін көрсететін жарқын мысал болды. Біз Зарина Акшулаковаға студенттерге бөлген уақыты үшін алғысымызды білдіреміз және дизайн мен сән саласындағы осындай құнды сарапшылармен ынтымақтастықты жалғастыруға үміттіміз.