2023 жылғы 21 қыркүйек - 23 қазан аралығында Мәскеу қ. " Просвещение " ғылыми-шығармашылық қоғамы "Жас таланттар-2023" халықаралық ғылыми - зерттеу жұмыстарының конкурсын өткізді. Оған "Технология және стандарттау" кафедрасының білім алушылары Қайрат Гүлім Қайратқызы және Денисенко Екатерина қауымдастырылған профессор, т. ғ. к. Омаралиева Айгул Махмутовнаның ғылыми жетекшілігімен қатысты.
"Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша ТжКБ базасында 3 курс студенті Қайрат Гүлім Қайратқызы үздік ғылыми жұмысы үшін " "Бапол"өсімдік қоспасын пайдалана отырып нан-тоқаш өнімдерін өндіру технологиясын әзірлеу"тақырыбы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен марапатталды
Денисенко Екатерина Витальевна "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" ББ 3 курс студенті "Өсімдік қоспасымен байытылған ашытылған сүт өнімін өндіру технологиясын әзірлеу" тақырыбы бойынша үздік ғылыми-зерттеу жұмысы номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды.