Медиа

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетітнде CHONGQING UNIVERSITY OFSCINCE AND TECHNOLOGY университетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Лю Шанхай, химиялық инженерия және технологиялар мектебінің деканы Сюн Вэй, металлургия және материалтану мектебі деканының орынбасары Дай Цинвэй, кадрлар бөлімі директорының орынбасары Ян Жуюй, Чунцин дәстүрлі емес Мұнай және газ институты директорының орынбасары Ян Венде және Халықаралық ынтымақтастық және алмасу басқармасының Халықаралық ынтымақтастық басқармасы бөлімінің бастығы Фан Канли қатысты. Аталған кездесу барысында екі тарап та ұсыныстарын білдіріп, таныстық орнатты. Іс-шара соңында университетіміздің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Дусмат Саматұлы қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.