Экономика және сервис факультетінің деканы Нұрғалиева Алмагүл Шаймұратқызы Қырғызстанның тәуелсіз аккредиттеу, рейтинг және сертификаттау институтының қазіргі халықаралық сарапшысы болып табылады.
Осы құрметті миссиямен ағымдағы жылдың 30-31 наурызында А.Ш. Нұрғалиева М.Рысқұлбеков атындағы Қырғыз экономикалық университетінде халықаралық аккредиттеу жұмысын жүргізді.
Халықаралық сарапшы ретіндегі география мен қызмет саласы жыл сайын кеңейіп келеді.
Қызметкерлердің халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне қуаныштымыз